Жігіттің сабаздары (2009, Оңтүстік Корея) дорама онлайн қазақша


Аты: Жігіттің сабаздары (Мальчики краше цветов)
Шыққан жылы: 2009
Бөлімдер саны: 25
Жанрлары: Мелодрама, комедия
Басты рөлдерде: Ку Хе Сон, Ли Мин Хо.

Шинхва ерекше мектебінде Оңтүстік Кореяның ең бай адамдарының балалары оқиды. Бұл оқу орнының дипломы колледждерге емтихансыз түсуге кепілдік береді. Шинхваға бару барлық жоғары сынып оқушыларының арманы, бірақ қарапайым балалар үшін ол жаққа кіру жолы мүлден жабық. Бір күні жылдап сақталған тәртіп бұзылады. Мектепке кедей отбасынан келген қыз түседі «Жігіттің сабаздары» қазақша дыбысталталған дорамасында.

Бәрі әдеттегі жеткізуден басталады. Гым Чан Ди кір жуатын орын иесінің қызы. Оқудан бос уақытында ол ата-аналарына клиенттерге тазаланған киім жеткізіп көмектеседі. Кезекті жұмыс ауысымы кезінде Чан Ди Шинхва мектебінің жанына келіп, ғимараттың төбесінде тұрып төмен секіргісі келетін жігітті құтқарады. Ол зорлық-зомбылықтың құрбаны болды сыныптастарының қолынан, сондыктан осындай шарасыз қадамға баруға бел буды.

Мектептегі өз-өзіне қол жұмсаудан құтқару оқиғасы баспасөзге түседі. Шинхва төңірегінде жанжал өршіп кетеді. Мектеп демеушілері наразы, өйткені таңдаулылар үшін білім беру жүйесі құлауы мүмкін. Жағдайды сақтап қалу үшін мектеп басшылығы құтқарушы қызға стипендия береді. Осылайша Чан Ди Шинхва студенті болады «Жігіттің сабаздары» дорамасында.

Бірінші күні жаңа келген қыз мектеп кабырғасындағы барлық билік төрт сұлу жігітке тиесілі екенін біледі. Олардың тобын F4 деп атайды. Егер біреу абайсызда немесе әдейі олардың жолын кесіп өтсе, F4 байғұсты қызыл түспен «белгілейді». Ондай белгі алған адам бүкүл мектеп ішінде қуылып зорлық-зомбылық объектісіне айналады. Шатырдағы жігітте осындай жағдайдан өткен.

Батыл Чан Ди F4 тобының көшбасшысы тәкаппар Гу Джун Пёні ашуландыра түседі. Қыз қызыл белгі алып, оқушылар арасында оған қысым көрсетіледі. Алайда Чан Диді сындыру оңай емес. Ол Гу Джун Пёға қарсылық білдіреді, тіпті жағдай шиеленіскен кезде оған соққы беруге де батылы жетеді. Бұл уақытқа дейін ешқашан қарсылык көрмеген Джун Пё осындай қырсықтыққа таң қалды. Кір жуатын үйдегі өрескел қыз кенет оның барлық ойларын жаулай бастайды.